14.03.2018, 6:30 1045 Рейхерд Әлем кубогының жалпы есебінде екінші орында келеді

Қазақстандық фристайлшылар Дмитрий Рейхерд пен Юлия Галышева могулдан Әлем кубогының жалпы есебінде үздік бестікке еніп тұр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы рейтингте канадалық Микаэль Кингсберри көш бастап тұр - 840 ұпай. Екінші сатыда қазақстандық Дмитрий Рейхерд - 540 ұпай. Үздік үштікті жапониялық Икума Хоришима қорытындылап тұр (441). Тағы бір Қазақстан өкілі Павел Колмаков 16-шы сатыда жайғасуда - 127 ұпай.

Әйелдер арасындағы рейтингте франциялық Перрин Ляфонт ешкімге дес бермеуде - 527 ұпай. Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева үздік бестікті түйіндеп тұр - (380 ұпай).

Естеріңізге сала кетсек, могулдан Әлем кубогының соңғы кезеңі наурыздың 18-і, Францияның Межев қаласында өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал