19.03.2018, 21:21 10448 Рейхерд тұңғыш рет маусымды екінші орында аяқтады

Қазақстандық фристайлшы өз мансабында тұңғыш рет могулдан Әлем кубогының жалпы есебінде үздік үштікке ілінді,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Дмитрий Рейхерд могулдан Әлем кубогының қорындытысын бойынша 585 ұпаймен күміс жүлдегер атанды. Алтын медаль канадалық Микаэль Кингсберридің еншісінде – 940 ұпай. Үздік үштікті жапониялық Икума Хоришима қорытындылады (441 ұпай). Тағы бір отандасымыз Павел Колмаков 153 ұпаймен 15-ші орында тұрақтады.

Әйелдер рейтингісінде Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева (420 ұпай) алтыншы сатыда жайғасты. Бірінші орында франциялық Перрин Ляфонт – 607.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал