12.06.2018, 0:41 631 Робби Уильямс әлем чемпионатының ашылу салтанатында ән шырқайды

14 маусым күні Мәскеудегі «Лужники» стадионында футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанатында британиялық белгілі әнші Робби Уильямс өнер көрсетеді. Бұл жайлы ФИФА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Анадолы агенттігі хабарлайды.

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінен кейін турнирдің алғашқы матчы болады. Онда Ресей және Сауд Арабиясының құрамалары кездеседі.

Сондай-ақ салтанатты шараға екі дүркін әлем чемпионы Роналдо мен ресейлік опера әншісі Аида Гарифуллина да қатысады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал