10.10.2018, 9:41 401 Роза Абитова екі жаттығудан соң үздік жетілікке енді

Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында көркем гимнастика өкілі Роза Абитова жарысты бастады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы шығыршық және доппен өткен жаттығудан соң жетінші орында келеді. 

Абитова шығыршық жаттығуы бойынша 14.950, доп жаттығуы бойынша 15.650 ұпай жинады. Оның жалпы ұпай көрсеткіші - 30.600.

Топ басында 35.175 ұпай жинаған ресейлік Дарья Трубникова. Екінші, үшінші орындарда тиісінше Украина және Армения гимнастары. 

Спортшылар енді ұршық пен таспа бойынша сынға түседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал