10.03.2018, 12:49 797 Руслан Мәдиев мексикалық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.
АҚШ-тың Калифорния штатында өткен кәсіпқой бокс кешінде Руслан Мәдиев мексикалық Мартин Анхел Мартинеспен қолғап түйістірді. 6 раундқа жоспарланған орта салмақтағы боксшылардың жекпе-жегі 4 раундта аяқталды. Руслан Мәдиев техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бұл жерлесіміздің кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісі, оның ішінде - бесінші нокаут. Мартин Мартинесте 18 жеңіс, 14 жеңіліс және бір тең ойын бар.
Естеріңізге сала кетейік, 25 жастағы Руслан Мәдиев (11-0-0, 5 КО) әйгілі бапкер Абель Санчестің «Big Bear» кешенінде Геннади Головкинмен бірге жаттығады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал