28.03.2018, 13:22 828 Руслан Серікпұлов «FIGHT NIGHTS GLOBAL 86» турниріне қатысады

Қазақстандық ММА спортшысы Руслан Серікпұлов 1-ші сәуір күні «FIGHT NIGHTS GLOBAL 86» турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Турнир ұйымдастырушыларының айтуына қарағанда, Серікпұлов жарақаттанып қалған Қаршыға Дәуітбекті алмастырады. Қазақстандық файтер ресейлік Артур Магомедовпен ұшырасады.

28 жастағы жерлесіміз Руслан Серікпұлов аралас жекпе-жектен жарыстарға 2014 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында ол 16 жекпе-жек өткізді. 12 кездесуінде жеңіс тойласа, қалған 4 ұрыста қарсыласына жол бергенн.  

Еске сала кетейік, Алматыда өтетін турнире «FIGHT NIGHTS GLOBAL 86» турниріне Русланнан бөлек Әділ Боранбаев, Ержан Естанов, Жалғас Жұмағұлов және тағы да басқа спортшылар қатысады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал