22.08.2018, 12:12 748 Саблядан Қазақстан әйелдер командасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Саблядан Қазақстан әйелдер командасы бүгін Қазақстан қоржынына 14-ші жүлдені салды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Тамара Почекутова, Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходько жартылай финалда Қытай құрамасына жол берді. Есеп - 25:45. 

Семсерлесу спортының ережесі бойынша, жартылай финалда жеңіліс тапқан команда автоматты түрде қола жүлдеге иелік етеді. 

Осылайша, жақында ғана Азия чемпионатынан жүлделі оралған сабляшы қыздар Азия ойындарында да үздіктер қатарына енді. Құттықтаймыз!

Еске сала кетейік, шпагадан ерлер командасы да финал жолдамасына таласады. 

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал