22.08.2018, 10:24 692 Саблядан қыздар командасы Азия ойындарының жартылай финалында өнер көрсетеді

Бүгін Джакартадағы Азия ойындарында саблядан қыздар арасындағы командалық бәсеке өтуде. Қазақстандықтар жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Саблядан командалық сынға Тамара Почекутова, Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходько қатысып жатыр.

Біздің команда жартылай финалда Гонконг құрамасын 45:40 есебімен тізе бүктіріп, Азиаданың жартылай финалына өтті.

Жартылай финалда қазақстандықтар Қытай құрамасына қарсы ойнайды. 

Еске сала кетейік, семсерлесу ережесі бойынша, жартылай финалда ұтылған команда автоматты түрде қола жүлдегер атанады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал