23.08.2018, 10:27 706 Сабляшылар ширек финалда сүрінді

Семсерлесуден Қазақстан командасы үшін Азия ойындары жалғасуда. Бүгін саблядан ерлер командасы сынға түскен болатын, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

1/16 айналымда қазақстандықтар Таиландты 45:38 есебімен жеңіп, ширек финалға өтті.

Жартылай финал жолдамасы үшін Қазақстан Оңтүстік Корея құрамасымен кездескен біздің команда 17:45 есебімен жеңіліс тапты. 

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Илья Мокрецов, Нұржан Кәрім, Дамир Ибрагимов пен Сергей Аниськов қорғады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал