31.10.2018, 11:51 9315 Садақ атудан Қазақстан құрамасы АІВА академиясында жаттығу жиынын өткізеді

Садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасы маусым соңындағы оқу-жаттығу жиындарын Алматы облысында өткізеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

19 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Алматы облысы, Талғар қаласы маңындағы AIBA академиясының базасында мергендер жиыны өтпек. 

Оқу-жаттығу жиынына 37 спортшы қатысады деп күтілуде. Одан бөлек, екі бапкер мен бір дәрігер және массажшы қатысады. 

Садақ атудан Қазақстан құрамасының бас бапкері – Григорий Ким.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал