12.07.2018, 11:18 176 Садақ атудан Қазақстан құрамасы Әлем Кубогында бақ сынайды

 

15-22 шілде аралығында Германия астанасы Берлинде садақ атудан Әлем Кубогінің кезеңі өтеді. Бұл мергендер үшін финалға жолдама беретін соңғы мүмкіндік. Берлиндегі сайыстан соң ең көп ұпай жинаған спортшылар қыркүйек айында Римде (Италия) өтетін финалдық кезеңде бақ сынайды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлемдік сынға қатысатын қазақстандық спортшылар тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

Классикалық садақ ату, ерлер: Денис Ганькин, Сұлтан Түзелбаев, Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин;

Классикалық садақ ату, қыздар: Луиза Сайдиева, Қарагөз Асқарова, Алина Ильясова, Талшын Құсайын.

Блоктық садақ ату, ерлер: Акбарәлі Қарабаев, Павел Фишер, Константин Солодовников, Артем Ганькин.

Блоктық садақ ату, қыздар: Адель Жексенбинова, Диана Макарчук, Виктория Лян.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал