08.04.2018, 9:59 750 Садриддин Ахмедов қарсыласын 31 секундта сұлатып салды

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.

Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінде 20 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері 26 жастағы мексикалық Тони Баррераспен (1-1, 1 КО) жекпе-жекке шықты. Кездесу 6 раундқа жоспарланған еді. Алайда қазақ өрені қарсыласын 31 секундта сұлатып салды. Осылайша Ахмедов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал