06.03.2018, 12:26 794 Самбодан жастар арасында Қазақстан біріншілігі өтеді

Наурыздың 16-сы мен 19-ы аралығында Қызылорда қаласында самбодан жастар арасында Қазақстан біріншілігі өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жарысқа алматылық балуандар да қызу дайындалып жатыр. Бауыржан Садыханов баптайтын қыз-жігіттер Сыр елінен олжалы қайтуды көздейді.

Бақтияр Құнақынов федерация тізгінін ұстағалы Алматыда самбо спортына қан жүгірді. Жастар мен жасөспірімдер және ересектер арасында жарыстар ұйымдастырылып, әр салмақта бәсекелестік арта түсті. Алматы біріншілігінде үздік шыққан мықтылар енді ұлттық біріншілікте қаламыздың намысын қорғайды.

Сыр елінде өтетін самбошылардың сайысына Алматыдан барлығы 20 спортшы барады. Бапкерлер командалық есепте үздік үштіктен көрінуді жоспарлап отыр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал