22.10.2018, 8:52 1015 Санаев әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық балуан Нүрислам Санаев әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР күрес түрлері федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы белдесуінде Санаев Самоа елінен келген балуанды ұтса, 1/8 финалда украиналық балуаннан 10:0 есебімен басым түсті. Ширек финалда отандасымыз түрік балуанын 11:6 есебімен жеңді. Ал, жартылай финалда АҚШ балуаны Томас Гилманға мықтылығын мойындатып, финалдық белдесуге жолдама алды. Енді ертең Н.Санаев әлем чемпионатының алтын медалін ресейлік Заур Угуевпен сарапқа салады.

Өкінішке қарай, Дәулет Ниязбеков (65 келі), Бақтияр Ізбасаров (79 келі) және Нұрғали Нұрғайыпұлы (92 келі) қарсыластарына жол беріп, жүлдесіз қалды.

Финалдық белдесулер
22 қазан

57 кг. Заур Угуев (Ресей) - Нұрислам Санаев (Қазақстан)
65 кг. Такуто Отогуро (Жапония) - Буния Бажранг (Үндістан)
79 кг. Кайл Дейк (АҚШ) - Джабраил Гасанов (Әзірбайжан)
92 кг. Иван Янковский (Беларусь) - Джей Майкл Кокс (АҚШ)

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал