04.03.2018, 20:03 922 Санаев Қазақстанға екінші «алтын» алып келді

Бішкекте өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатында қазақстандық Нұрислам Санаев (61 келі) алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Шешуші айқаста спортшымыз жапондық Казуя Коянагиді 6:2 есебімен ұтты.

Еске салайық, Қазақстан үшін алғашқы «алтынды» 3 наурыз күні Дәулет Ниязбеков алып келген болатын.

Бүгін сондай-ақ бозкілемге шыққан Данияр Қайсанов (74 келі) - қола, Азамат Дәулетбеков (86 келі) қола медальдар еншіледі.

«Алтын» үшін күрескен Әділет Дәулімбаев (92 келі) ирандық Мохаммаджавад Ибрахимизивлаеге есе жіберіп қойды. Ол Азия чемпионатының "күмісін" місе тұтты.  

Ал 125 келіге дейінгі салмақ санатында 1/8 финалға шыққан Дәулет Шабанбай жарыстан шығып қалды. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал