26.06.2018, 16:40 670 Санчес Головкиннің суперорта салмаққа ауысу шарттарын айтты

Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) ынталандыратын лайықты қарсылас табылса, GGG бір дәрежеге жоғары көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
«Марвин Хаглер барлық жекпе-жектерін орта салмақта өткізген. Бұл оның салмағы еді және одан ешкім жоғары көтерілуін сұраған да жоқ. Головкинге де басқа боксшылар сияқты мансабының осы кезеңінде айқасу үшін бір себеп болуы керек деген ойдамын. Оларға ынта керек. Егер ешқандай ынта болмаса, айналасындағы потенциалды қарсыластарының саны маңызды емес. Сені рухани тепе-теңдіктен шығаратын жігіт қажет. Егер ондай жігіт суперорта салмақта пайда болса, Головкин сонда көтеріледі. Болмаса, орта салмақта қала бермек», - деді Абель Санчес.
«Мұндай жастағы боксшылар залға көп бара бергісі келмейді. Мүмкін, режимнің ең қиын бөлігі осы шығар. Жекпе-жектің өзі қиын емес, егер Геннадий ынталанса, залға оралады. Бірақ дәл сондай қарсылас суперорта салмақтан табыла ма, жоқ па - білмеймін», - дейді бапкер.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин қыркүйек айында Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Сауль Альвареспен кездеседі. Болжамдарға қарағанда, сол жекпе-жек қазақстандық боксшыға 40 млн доллар шамасында табыс әкеледі.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал