19.03.2018, 22:34 6073 «Саша анаңа қол бұлғашы!» - Паралимпиада ойындарының чемпионы Александр Колядинді қалай күтіп алды

Бүгін Астанада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда Паралимпиада ойындарының қаһармандарын күтіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

- Паралимпиада ойындарында чемпион атанған Александр ел тарихынан орын алды. Ол біздің батырымыз! – деп қарсы алды ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, 1,5 километр шақырым қашықтықты құрайтын классикалық стильдегі спиринт кезеңінде қазақстандық шаңғышы Александр Колядин  топ жарды. Бұл жетістікке жету үшін оған 4:19:7 уақыт жетті.

XII-ші қысқы Паралимпиада ойындары 18-ші наурыз күні мәреге жетті.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал