19.08.2018, 18:50 704 Саятбек Оқасов Азиаданың жартылай финалына өтті

Бүгін Азия ойындарында еркін күрес балуандары чемпиондар мен жүлдегерлерді анықтайды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан командасы сапынан алғаш болып 65 келідегі Саятбек Оқасов жартылай финалға өтті. 

Саятбек бірінші айналымда Палестина, екінші айналымда Оңтүстік Корея балуандарын жеңген болатын.

Ширек финалда Оқасов Қытай атынан сынға түскен қазақ  баласы Ерланбек Кәтейді 9:5 есебімен тізе бүктірді.

Енді Саятбек жапон спортшысымен финал жолдамасын сарапқа салады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал