28.06.2018, 11:28 648 Сайфутдинова жекелей сында Қазақстан чемпионатында топ жарды

Алматыда тас жолдағы велоспорттан Қазақстанның ұлттық біріншілігі өтуде. Кеше 50 шақырымға жекелей жарысудан Даниил Фоминых чемпион атанған болатын, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жасөспірімдер арасында бұл қашықтық екі есеге қысқарып,  Евгений Федоров Қазақстан чемпионы атанды. Глеб Брусенский, мен Игорь Юсифов күміс және қола жүлдегерлер.

Жекелей сындағы әйелдер арасындағы бәсекеде (25 шақырым) Наталья Сайфутдинова мәреге бірінші келді. Фаина Потапова күміс, Татьяна Генелева қола жүлде иегері. 

Жасөспірім қыздар арасында (20 шақырым) Светлана Пащенкоға ешкім жете алған жоқ. Марина Курносова мен Анжела Соловьева жүлдегерлер қатарында. 

Велоспорттан Қазақстан біріншілігі 1 шілдеге дейін жалғасады. 

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал