20.04.2018, 10:03 622 Щучьеде армрестлингтен Азия чемпионаты өтіп жатыр

Ақмола облысының Щучье қаласында армрестлингтен 7-ші Азия чемпионаты өтіп жатыр. 
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жарысқа Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан Тәжікстан және Иран елдерінен келген 700-ге жуық спортшы қатысуда. Жеңімпаздар ерлер, әйелдер, ұлдар мен қыздар, ардагерлер, сондай - ақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында анықталуда. Жарыстың алғашқы күні ақмолалықтар түрлі деңгейдегі 9 медальға қол жеткізді.
«Жеңіске жету оңай шаруа емес. Чемпионатқа әр елден келген кілең мықты спортшылар қатысуда. Дегенмен, өз елімізде өтіп жатқан соң, намысты қолдан бермеуге тырысып бағудамыз», - дейді Азияның екі дүркін чемпионы Андрей Путинцев.
Айта кетейік, осы күні Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан бұқаралық спортты дамытуға зор көңіл бөлінуде. Қазақстан құрамасы осы спорт түрі бойынша әлемдегі ең мықтылардың қатарында.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал