02.03.2018, 16:56 782 Щучинскте Марина Вольнованың жүлдесіне арналған турнир өтеді

2018 жылдың 3-7 наурызы аралығында Ақмола облысында Щучинск қаласында «Жақсы» спорт кешенінде әйелдер арасында бокстан «ЕСШ М.Вольнованың жүлделеріне арналған ТМД елдерінің ашық кубогы»  халықаралық турнирі өткізіледі, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Қазақстандық бокс федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш турнирге Вьетнам, Үндістан, Украина, Ресей, Қырғызстан, Қытай Тайбэйі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы қатысады. 

Спортшылар 10 салмақ дәрежесінде додаға түседі: 48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 64 кг, 69 кг, 75 кг, 81 кг және +81 кг.

Турнирдің ұйымдастырушылары Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы және Қазақстандық бокс федерациясы болып табылады.

Салтанатты ашылуы 3 наурызда сағ. 16.00-де өтеді. Ашылу рәсіміне  Сиднейдегі 2000 жылғы Олимпиада чемпионы – Ибраимов Ермахан Сағиұлы, Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Марина Вольнова, әлем чемпионы Валерий Рачков және басқа да құрметті қонақтар атсалысады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал