25.09.2018, 10:34 782 Щучинсктегі биатлон базасының әлемде теңдессіз екенін айтылды

21 қыркүйек күні Халықаралық Биатлоншылар Одағы өкілдерінің Қазақстандағы жұмыс сапары аяқталды. Әлем Кубогі жарыстарының директоры Борут Нунар мен IBU техникалық кеңесінің мүшесі Франц Бергер Алматы мен Щучинсктегі биатлон базаларын аралап шықты.

18 қыркүйек күні ҚБО вице-президенті Елена Хрусталева мен Қазақстан Биатлоншылар Одағының бас хатшысы Манас Үсенов IBU өкілдері «Алатау» шаңғы-биатлон кешеніне алып барды. 

«Алатау» шаңғы-биатлон базасы «А» категориясына сай екені анықталды. Тек құжаттар мен  стадиондағы бапкерлер дәлізін әлі де болса реттеу керек. Халықаралық одақ өкілдері барлық атқарылмаған міндеттерді 2018 жылдың 14 қазанына дейін аяқтау тапсырды. Сол күні IBU техникалық комитетінің отырысы өтеді. 

Нунар және Бергер мырзалар «Алатау» кешенін жоғары бағалады. 

19 қыркүйек күні меймандар Астанаға келіп, кейін Щучинсктегі шаңғы-биатлон кешеніне ат басын тіреді. IBU өкілдері Щучинсктегі биатлон базасының әлемде теңдессіз екенін айтты. Кешенде спортшыларға арналған барлық инфрақұрылым қамтылған: кешеннің бассейні, толығымен жабдықталған жаттығу залы, боксқа арналған шаршы алаң және кем дегенде 7 дәрігер жұмыс істейтін медициналық орталық бар.

Алайда, барлық жағдайдың жасалғанына қарамастан кешен тек «В» категориясын алуы мүмкін. Себебі, кешенде баспасөз өкілдеріне арналған тоннель жоқ. Алайда, бұл 2020 жылы биатлоннан жазғы әлем чемпионатын өткізуге еш әсерін тигізбейді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал