07.03.2018, 18:00 853 Щучинсктегі турнирдің жеңімпаздары анықталады

Ақмола облысында Щучинскте Марина Вольнова жүлдесіне арналған бокс турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
48 келіге дейін Айгерім Қасенова украиналық Анна Охотаға жол берді, үшінші орын ресейлік Юлия Чумгалакованың еншісінде.
51 келіге дейін Назым Қызайбай чемпион атанды. Жайна Шекербекова - 2, Самджубала Сарджетсабам (Үндістан) және Татьяна Коб (Украина) өзара үшінші орынды бөлісті.
54 келіге дейін салмақ дәрежесінде украиналық Иванна Крупеннің рингке шықпауына байланысты бас жүлде автоматты түрде Дина Жоламанға берілді. Үшінші орынға үндістандық Маниш пен ресейлік Карина Тазабекова табан тіреді.
57 келіген дейінгі салмақта Сәния Сұлтанқызы Дәметкен Келімбетті жеңді. Владислава Кухта мен Снежана Холодкова (украина) үшінші орында.
60 келінің шешуші кезеңінде Римма Волосенко Карина Ибрагимовадан басым түсті. Үшінші орын Приянка Чодри (Үндістан) және Анастасия Эсман (Ресей).
64 - Анна Лысенка (Украина) финалда Әлия Әбдраимованы жеңді. Милана Сафронова және Кор Симирин (Үндістан) «қола» медаль иегерлері.
69 - Мадина Нұршаева Юлия Стойкодан жеңіліп қалды. Баян Ақбаева мен Пуджа (Үндістан) 3 орын.
55 келіге дейінгі салмақта Дариға Шәкімова бас жүлдені алды. Ниен Чин Чин (Тайпей) екінші орын. Үшінші - Татьяна Петрович (Ураина), Рани Пуджи (Үндістан).
81 келіде Юлдуз Маматкулова үндістандық Калавантиге жол берді. «Қолаға» қол жеткізгендер - Фариза Шолтай мен Мөлдір Базарбаева.
81-ден жоғары салмақта Үміт Садықованы жеңген Ләззат Күнгейбаева чемпион атанды.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал