07.09.2018, 14:35 1098 Семсерлесуден 23 жасқа дейінгі жастар арасында ел біріншілігі басталды

Өскеменде семсерлесуден 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ел біріншілігі Азия және әлем чемпионаттарына іріктеу мақсатында өткізілуде. 

Чемпионатта жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар команда қатарына алынып, әлемдік сында ел намысын қорғайтын болады. 

Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша, саблядан бірінші орынды Б.Құралбекұлы, екінші орынды А. Саркисян, үшінші орынды У. Ахматов пен Н. Саттархан иеленді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал