21.06.2018, 8:55 765 Семсерлесуден отандастарымыз Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті. Бұл жолы сабляшы қыздар қола жүлде жеңіп алды деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалға өту үшін Тамара Почекутова, Айгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходькодан құралған Қазақстан құрамасы жапон қыздарын жеңді. Жапония әлем чемпионатының қола жүлдегері екенін естеріңізге саламыз.

Ал финалға жолдама беретін сайысты біздің спортшылар әлем кубогы кезеңдерінде жүлдегер атанып жүрген Қытайдан ұтылып қалды. Үшінші орын үшін таласта Қазақстан құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері саналатын Гонконг құрамасын жеңді.

Еске сала кетейік, бұған дейін шпагашы Дмитрий Алексанин күміс жүлде жеңіп алған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал