13.04.2018, 11:00 926 Сергей Хижниченко ауыр жарақат алды

Қазақстан ұлттық құрама командасының және «Ордабасы» ФК шабуылшысы Сергей Хижниченко ауыр жарақат салдарынан маусымның қалған бөлігін өткізіп алуы мүмкін, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

26 жастағы форвард жаттығу кезінде тізеден ауыр жарақат алды. Тексеру кезінде дәрігерлер тізенің айқыш (крест тәрізді) байламдарының үзілгенін анықтаған. Жуық арада шетелдің емханалардың бірінде ойыншының тізесіне ота жасалады. Одан кейін ұзақ уақыт емделуі тиіс. Әдетте мұндай жарақаттан кейін футболшылар жарты жылға алаңға шыға алмайды.
Айта кетейік, чемпионаттың осы маусымында дәл осындай жарақат екінші рет қайталанып отыр. Үшінші турда «Атыраудың» жас қорғаушысы Дәурен Мәжитовтің де тізесінің айқыш байламы үзілген болатын.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал