- ЖАҢАЛЫҚТАР
- Танымал
Қазақстандық спортшы Сергей Морозов Таргимдегі (Ингушетия) M-1 Challenge-95 «Битва в горах-7» турнирінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Морозов қарсыласы украиналық Зака Фатуллазадені жеңді.
Сергей жекпе-жектен кейін сөз сөйлеп, жеңісін Денис Тенге арнайтынын айтты. «Жеңісімді біздің мәнерлеп сырғанаушымыз Денис Тенге арнаймын, ол жақында қайтыс болды. Мен жеңісімді Тенге және бүкіл Қазақстанға арнаймын. Алға Қазақстан!», – деді ол.