13.07.2018, 14:00 1544 «Шахтер» еурокубокқа қатысып жатқан отандық командаларды қолдады

 

«Шахтер» футбол клубы мен Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы Астана қаласының 20 жылдығы мен отандық командалардың еурокубок маусымын бастау құрметіне арналған арнайы спорттық іс-шара өткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Бұқаралық шара Қарағанды қаласының «Шахтер» стадионында өтті. 2,5 шақырымға созылған президенттік жүгіруге «Шахтер» клубының атқарушы директоры Әлібек Оразғалиев, директордың орынбасары Нұрғазы Жарылғапов, спорт директоры Мұрат Тілешев, бас бапкердің міндетін атқарушы Андрей Финонченко, қақпашылардың жаттықтырушысы Валерий Ситало, «Шахтер-Болат», «Шахтер-М», «Шахтер-ҚарГУ» командаларының ойыншылары, «Шахтер» футбол орталығының жаттықтырушылары мен тәрбиеленушілері, Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының төрешілері қатысты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал