14.02.2018, 14:36 206 Шаңғы фестиваліне екі мыңнан астам адам қатысады

17 ақпанда елордада жыл сайын өтетін «Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі бастау алады. Дәстүрлі шаңғы жарысына 2000-нан астам адам қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі аясында қатысушылар шаңғы жарысы, шағын футбол, хоккей, белдесу, армрестлинг, гір көтеру, арқан тарту, және мотокросс сынды спорттың бірнеше түрінен әр түрлі жас санатында күш сынасатын болады. Спорттық жарысқа 12 жастағы жасөспірімдер мен 60 жастан асқан азаматтар қатыса алады.

«Дәстүрлі «Қыс өрнегі» фестивалі елордамыздың спорттық өмірінде айшықты оқиға болып саналады. Ол отбасымен, ұжыммен таза ауада қысқы демалыс ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік береді.Фестиваль қатысушылары Астананың Триатлон саябағында сағат 10:00-ден бастап тіркелуі тиіс», – делінген хабарламада.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал