20.03.2018, 0:54 1082 Шаңғы жарысынан халықаралық турнир басталды

Щучинсктегі жаңа шаңғы базасында шаңғы жарысынан халықаралық FIS турнирі басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш додаға 120-ға жуық спортшы қатысып жатыр.

Бұл тізімде жетекші қазақстандық шаңғышылар да бар. Бірінші жарыс күні ерлер мен әйелдер арасында скиатлон сайысы өтті.

Бірінші жарыс күннің нәтижесі:

Скиатлон

Әйелдер, 10 шақырым

1. Анна Шевченко 
2. Елена Коломина
3. Марина Матросова

- Трасса әлемдік деңгейге сай. Бәрі ұнады. Бізде мұндай базаның салынуы өте қуанышты жайт. Бұл жерде қыс пен жаз мезгілінде де дайындалуға болады. Спорт кешен үлкен, ішінде жаттығу залдары көп екен, - деді Анна Шевченко. 

Ерлер, 20 шақырым

1. Виталий Пухкало
2. Денис Волотка
3. Сергей Малышев

- Бәрі жақсы өтті. Сайыс барысында үздіктер қатарында болдым. Пухкало және Волоткамен жеңіс үшін тартыстық. Бірақ өкінішке қарай соңында шаршап қалдым. Соған қарамастан жүлделі орынға іліне алғаныма қуаныштымын. Трасса керемет, егерде еуропалықтар осы спорт кешенді көрсе, міндетті түрде Қазақстан келер еді, - деді Сергей Малышев. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал