11.03.2018, 4:50 780 Шаймерденов Мароккодағы Гран-при кезеңінде қола медаль иеленді

Қазақстандық дзюдошы Бекәділ Шаймерденов Марокконың Агадир қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңнің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

73 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз қола жүлдені қанағат тұтты. Аталмыш салмақта түркиялық Билал Чилоглу топ жарды. Ол финалда ресейлік Муса Могушковты ұтты.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Ғұсман Қырғызбаев 60 келіде жеңімпаз атанса, Ақжол Серікжанов 66 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге қол жеткізді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал