30.03.2018, 11:21 8295 Шорт-трек пен коньки тебу спортынан ел чемпионаты басталды

Елордада шорт-трек пен коньки тебу спортынан ел чемпионаты басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» CAA ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Конькишілер мен шорт-трекшілер үшін бұл биылғы маусымдағы соңғы жарыс болмақ.

Шотр-трекшілер үшін бұл тіпті маңызды жарыс. Себебі оның қорытындысы бойынша келесі маусымға құрама жасақталады. Ел біріншілігіне еліміздің ең беделді спортшылары қатысуда.

Шорт-трек пен коньки тебу спортынан ел чемпионаты екі күн жалғасады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал