24.04.2018, 6:24 932 Штутгарт турнирінде Зарина Диястың қарсыласы белгілі болды

Теннистен Штутгарт турнирінде қазақстандық Зарина Диястың қарсыласы белгілі болды.
Осы турнирдің іріктеу сайысынан сәтті өткен З.Дияс алғашқы айналымда латвиялық теннисші Анастасия Севастовамен кездесуі керек еді. Алайда А.Севастова бұл турнирге қатысудан бас тартты. Жарысты ұйымдастырушылар оның орнына германиялық теннисші Карина Виттефтіні «лаки-лузер» ретінде қосты. К.Виттефт З.Дияс сияқты іріктеу сайысына қатысып, финалда чехиялық Маркета Вондроушовадан жеңіліп қалған болатын.
Осылайша З.Дияс пен К.Виттефт биыл екінші рет кездесейін деп отыр. Наурыз айында қазақстандық теннисші Майами турнирінде германиялық спортшыны 4:6, 7:5, 6:0 есебімен тізе бүктірген еді. Қазіргі кезде Зарина әлемдік рейтингте 52-інші орында тұрса, Карина одан төрт саты кейін келеді. Бұл екі теннисшінің қай жеңгені екінші айналымда әлемнің бесінші ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен күш сынасады.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал