27.07.2018, 17:25 586 Шүменов елордадағы балалар орталығында бүлдіршіннің тұсауын кесті

Жуырда ғана кәсіпқой боксқа қайта оралған Бейбіт Шүменов бүгін Астанадағы балалар орталығына барды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Бұл жерде тумысынан денсаулығында ақауы бар бүлдіршіндерге қолдау көрсетіліп, әртүрлі деңгейдегі ем-дом шаралары жасалады. Кәсіпқой боксшы орталықтағы балдырғандармен және ата-аналарымен кездесіп әңгімелесті. Сұрақтарына жауап берді, табысты болудың жолын айтты. Тіпті,осы жерде аяғынан тұрып кеткен балалардың тұсауын да кесіп берді. Айта кетейік, «Балапан» деген орталық дене мүшелерінде кемістігі бар балаларды ерте жастан тегін емдейтін жалғыз орын. Ол жұмыс жасаған 1 жылғы жуық уақыттың ішінде 300-ге тарта бүлдіршін ем қабылдады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал