01.08.2018, 15:44 782 Шүменов федерациямен болған жанжалдан кейін келесі кездесуін тағы Қазақстанда өткізуі мүмкін

Бейбіт Шүменов кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін де Қазақстанда өткізгісі келеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Бұл жөнінде ол аталған арнаға берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

«Келесі жекпе-жекті де Қазақстанда өткізу жоспарда бар. Өйткені елімізде кәсіпқой боксты дамытқымыз келеді. Жалпы елімізде жиі жарыс өткізуге тырысамыз. 2-3 кездесуде өзімнің физикалық бабыма келіп, салмағымдағы барлық белдікті жеңіп алғым келеді» , -дейді Шүменов.

– Келесі жекпе-жекті де Қазақстанда өткізу жоспарда бар. Өйткені елімізде кәсіпқой боксты дамытқымыз келеді. Жалпы елімізде жиі жарыс өткізуге тырысамыз. 2-3 кездесуде өзімнің физикалық бабыма келіп, салмағымдағы барлық белдікті жеңіп алғым келеді.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/256334-bejbit-sh-menov-kelesi-kezdesuin-ta-y-aza-standa-tkizui-m-mkin
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Бірінші ауыр салмақта сынға түсіп жүрген жерлесіміз енді WBA тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы Арсен Гуламирянмен жолығу керек. Бокс кеші алдағы күзге жоспарланып отыр. Кейін оның жеңімпазы Александр Усик пен Денис Лебедев арасындағы жекпе-жектің үздігімен кездеседі.

Бейбіт Шүменов 2 жылға жуық үзілістен кейін жуырда ғана кәсіпқой боксқа қайта оралды. 7 шілде күні Астанада түркиялық Хизни Алтункаямен жолығып, WBA тұжырымы бойынша белдігін қайтарды. Бұл оның кәсіпқой рингтегі он сегізінші жеңісі болатын.

Еске сала кетейік, Астанада бірінші ауыр салмақтағы жекпе-жекте қазақстандық  боксшы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) айтылған титулға ие болғаннан кейін Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясын тас-талқан етіп сынаған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал