10.07.2018, 13:06 1622 «Шүменов қозғаған мәселе менің де басымнан өткен» - Марат Мәзімбаев

Астанада бірінші ауыр салмақтағы жекпе-жекте қазақстандық  боксшы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО)  түрік спортшысы Хизни Алтынкаяны (30-2, 17 КО) жеңіп, WBA белдігіне ие болғаннан кейін Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясын тас-талқан етіп сынаған еді. Шүменов айтылған федерацияның қызметіне көңілі толмайтындығын жеткізіп, төленетін жарма бағасының қымбаттығына налыды.

Осы орайда «SPORTINFORM» САА редакциясы IBA, WBO тұжырымы бойынша интерқұрлық чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Мәзімбаевтан пікір алуды жөн санады.

«Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының бекітілген жарғысы бар. Кез келген жарыс өткен сайын спортшы келісілген соммада жарна төлеуі қажет. Төрешілерден бөлек лицензияға да қаражат жұмсалады. Ал, федерация осындай төлемақылардың арқасында күн көреді. Расымен де, бұл боксшы үшін мүлде тиімді емес. Кезінде менде де дәл осындай қиындықтар болған. Алайда, мен ол кездері өзімді сабырға шақырып, тез тіл табысып кетуге тырысатынмын. Қазір кімді жақтап, кімді даттарымды білмеймін. Өйткені, бұл мәселенің басы-қасында жүрмегендіктен бәлен деп айту қиын», - дейді Мәзімбаев.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал