16.05.2018, 11:54 260 Шүменовтің жекпе-жегін қандай телеарналар көрсетеді

«Qazaqstan» РТРК АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин отандасымыз кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің жекпе-жегін аталған арна тікелей эфирде таратады деп мәлімдеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Телерадиокорпорацияда Қарин мен Шүменов кездесіп, алдағы ұрыс жайында біраз әңгімелесті. Сондай-ақ, қазақстандық боксшы өзінің жоспарымен де бөлісті.

«Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтынкаяның айқасы «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында тікелей эфирде таратылады. Бейбіт бауырымызға сәттілік тілейміз!», - деді Ерлан Қарин өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.  

Еске сала кетейік, Шүменов 7-ші шілде күні Астананың 20 жылдық мерейтойында шаршы алаңға қайта оралатын болады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал