24.10.2018, 8:28 910 Шымкентте стенд атудан халықаралық турнир өтеді

21-30 қазан аралығында Шымкентте стенд атудан КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Мергендер сайысына Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Қарағанды және Павлодар облыстары, сондай-ақ, Жамбыл облысының спортшылары қатысады.

Турнирде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан спортшыларының да бақ сынайтынын хабарлаймыз. 

Еске сала кетейік, стенд атудан Азия ойындарында қазақстандық Мария Дмитриенко қола жүлдегер атанды. 

Ал жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Андрей Худяков үздік үштікке енген болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал