08.11.2018, 12:38 385 Шымкентте таеквондодан Қазақстан чемпионаты басталады


9 қараша күні Шымкент қаласында таеквондодан Қазақстан біріншілігі басталады. Ел чемпионатына барлық аймақтан жалпы есебі 235 спортшы қатысады,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жыл сайын өтетін ұлттық біріншіліктен соң спортшылар чемпиондық атақты иеленіп қана қоймай, Қазақстан құрамасына шақырту алады. Сол себепті, жастардың да, тәжірибелі таеквондошылардың да жеңімпаз атануға бар күшін салары анық. 

Қазақстан біріншілігіне ұлттық құраманың үздіктері қатысады. Тек, Тайбей Президентінің кубогінде бақ сынайтын Руслан Жапаров, Смайыл Дүйсебай, Нұрлан Мырзабаев пен Жансель Дениз жарыстан босатылған. 

Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында жақсы жетістігімен көзге түскен спортшыларға ересектер арасында сынға түсуге рұқсат етілді. Халықаралық турнирлердің жеңімпазы Шыңғыс Сәндібаев пен Қаби Мақсат ұлттық чемпионатта өз мықтылығын дәлелдемек.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал