28.08.2018, 11:20 9102 Синхронды жүзуден апалы-сіңлілі Немичтер Азиаданың қола жүлдегері атанды

Азия ойындарындағы кезекті қола медальді синхронды жүзушілер жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бірінші жарыс күнінен соң үшінші орында тұрған Екатерина мен Александра Немич турнир қорытындысы бойынша үздік үштікке енді.

Немичтер жалпы есебі 170.8845 ұпай жинады. Ал алтын медаль алған қытайлықтар 186.5101, күміс жүлдегер атанған Жапония командасы 182.3363 ұпай иеленді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал