29.08.2018, 15:11 10703 Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасы топтық сында төрттікке енді

Бүгін Джакартадағы Азия ойындарында синхронды жүзуден командалық сындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл бәсекеде алтын жүлдені Қытай (186.93.95), күмісті Жапония (182.86.90), қола жүлдені Солтүстік Корея (170.84.75) құрамасы иеленді. 

Қазақстан командасы жалпы есебі 163.04.44 ұпаймен төртінші орынға жайғасты.

Еске сала кетейік, синхронды жүзуден жұптасып өнер көрсетуде Екатерина және Александра Немич Азиаданың қола жүлдегері атанған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал