19.09.2018, 16:52 1402 «Сіздерден кем емес» - «Астана» мен «Динамоның» бюджеті қанша сомманы құрайды

Киевтің «Динамо» футбол клубы өзінің ресми сайтында Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы қарсыласы «Астананы» таныстырды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

2015 жылы ресми түрде хабарланғандай, «Астана» ФК-ның бюджеті 30 миллион долларды құрайды. Бізге келіп жеткен ақпарат бойынша, қазақстандық клубтың осы жылы қаражаты да дәл сол сомма көлемінде қалды.

Бұған дейін украиналық БАҚ-та «Динамоның» бюджеті де 30 миллион доллар шамасында екені жарияланған еді.

Еске сала кетейік, Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі қос клуб арасындағы матч ертең, 20-шы қыркүйек күні өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал