22.08.2018, 12:37 591 Sky Sports сарапшысы Головкиннің P4P рейтингіндегі орнын атады

Sky Sports телеарнасының британдық сарапшысы Джонни Нельсон салмақ дәрежесінен тыс әлемнің үздік боксшыларының рейтингін (pound-for-pound) жариялады.

Рейтингте орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин көш бастап тұр. Сондай-ақ, үздіктер үштігіне Теренс Кроуфорд пен Василий Ломаченко кірді.

Sky Sports телеарнасының сарапшысы Джонни Нельсонның нұсқасы бойынша жасалған P4P-рейтингі:

1. Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО)

2. Теренс Кроуфорд (33-0, 24 КО)

3. Василий Ломаченко (11-1, 9 КО)

4. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО)

5. Александр Усик (15-0, 11 КО)

6. Энтони Джошуа (21-0, 20 КО)

7. Майки Гарсия (39-0, 30 КО)

8. Эррол Спенс (24-0, 21 КО)

9. Деонтей Уайлдер (40-0, 39 КО)

10. Наоя Иноуэ (16-0, 14 КО).

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал