14.02.2018, 12:09 149 «Спортингтың» Қазақстанға әкелген құрамы белгілі болды

Лиссабонның «Спортинг» командасы Қазақстанның астанасына ұшып келді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Португалия командасы Еуропа лигасы 1/16 финалының кездесуіне 21 ойыншысын алып келді.

Қақпашылар: Руй Патрисиу, Ромен Сален, Луис Максимиано;

Қорғаушылар: Анде Пинту, Кристиано Пиччини, Себастьян Коатес, Стефан Ристовски и Фабио Коэнтрау;

Жартылай қорғаушылар: Жоау Пальинья, Вильям Карвалью, Родриго Батталья, Радосав Петрович, Маркос Акунья, Желсон Мартинш, Рубен Рибейру, Бруно Сезар, Брайан Руис и Бруну Фернандеш;

Шабуылшылар: Сейду Думбия, Фреди Монтеро и Рафаэл Леау.

«Спортингтың» үздік сұрмергені Бас Дост аталған ойынға қатыса алмайды. Голландиялық шабуылшы ақпан айының басында жарақаттанып қалды.

Еске сала кетейік, Еуропа лигасының 1/16 финалында «Астана» мен «Спортинг» командалары 15-ші ақпан күні ұшырасады. Бірінші матч 22:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал

Пікірлер (0)