29.03.2018, 10:38 893 Спорттан уақытша шеттетілген Альварес Головкинмен кездесуге дайындалып жатыр

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілгеніне қарамастан, Головкинмен реваншқа дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Канело» оқу-жаттығу жекпе-жегі (спарринг - авт.) туралы видеосын Instagram парақшасында жариялады.

Еске сала кетсек, Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілген еді. 

Наурыз айының басында Сауль Альварестен алынған допинг-сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды. Оның мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының қан құрамынан тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растады.

Головкин мен Альварестің реваншы ағымдағы жылдың 5 мамырына жоспарланған.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал