23.08.2018, 16:25 631 Спорттық гимнастика: Милад Карими еркін жаттығуда үздік бестікке енді

Джакартадағы Азия ойындарында спорттық гимнастикадан жекелей сындағы финалдық бәсекелер өтуде. Еркін жаттығуда өнер көрсеткен Милад Карими жарысты 5-ші орынмен аяқтады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл жаттығуда алтын жүлдені Оңтүстік Корея спортшысы иеленсе, күміс пен қола Тайпей және Қытай спортшыларына бұйырды. 

Карими 13,675 ұпаймен үздік бестікке енді. Жаттығуды орындау барысында кілемнен шығып кеткені үшін төрешілер Миладтың бір ұпайын шегерген. 

Жекелей сында тағы бір қазақстандық – Нариман Курбанов та өнер көрсетеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал