24.06.2018, 13:28 1107 Спорттық гимнастикадан жекелей сындағы жеңімпаздар белгілі болды

Алматыда спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты анықталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Соңғы жарыс күнінде жекелеген жаттығулардағы чемпиондар анықталды. Еркін жаттығуда алматыдық Ілияс Азизов чемпион атанды. Екінші орында әлем кубогы кезеңдерінің бірінде ауыр жарақат алып, қатардан шығып қалған Милати Карими. Қола медаль қостанайлық Андрей Лунгул еншісінде. 

Атпен жаттығуда ұлттық құрама үздігі Нариман Құрбановқа жетер ешкім болмады. Ол екінші орындағы Ілияс Азизовтан тұтастай екі жарым ұпайға озып кетті. Бұл жаттығудағы үшінші орында ОҚО өкілі Фарух Набиев. 

Спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты. Жекелей сын. 

Еркін жаттығу:

1. Ілияс Азизов (Алматы)

2. Милати Карими (Алматы)

3. Лунгул Андрей (Қостанай)

Атпен жаттығу:

1. Нариман Курбанов (Алматы)

2. Ілияс Азизов (Алматы)

3. Фарух Набиев (ОҚО)

Шығыршық:

1. Лунгул Андрей (Қостанай)

2. Дмитрий Патанин (Астана)

3. Ербол Жантықов (Алматы)

Керме (перекладина)

1. Фарух Набиев (ОҚО)

2. Ербол Жантықов (Алматы)

3. Жайық Ғалиев (Алматы)

Қоссырық

1. Ербол Жантықов (Алматы)

2. Ильфрат Имарджанов (Алматы)

3. Лунгул Андрей (Қостанай)

Қолды тіреп секіру:

1. Лунгул Андрей (Қостанай)

2. Фарух Набиев (ОҚО)

3. Жайық Ғалиев (Алматы)

Еске сала кетейік, көпсайыс қорытындысы бойынша алматылық Ілияс Азизов чемпион атанған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал