25.08.2018, 15:31 572 Спорттық құзға өрмелеуден қазақстандық спортшылар финалда бақ сынайды

Спорттық құзға өрмелеуден қазақстандық споршылар финалдық кезеңге өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Көпсайыс бойынша екі күнге созылған іріктеу кезеңінен соң финалдық сында бақ сынайтын спортшылар есімі белгілі болды. 

Іріктеу қорытындысы бойынша, Әсел Марленова мен Ришат Хабибуллин жүлдеге таласады.

Финалдық сын 26 тамыз күні өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал