07.06.2018, 23:26 834 Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері ұйымына жаңа басшы келді

Елдос Рамазанов Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының бас директоры болып тағайындалды. Ол мамыр айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің бас директоры болып тағайындалған Нұрлан Нөгербектің орнына келді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың басынан бері Е. Рамазанов Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы басшысының кеңесшісі қызметін атқарған болатын.

Еске сала кетейік, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы Олимпиада бағдарламасына енетін бес спорт түрін дамытуға басымдық беру мақсатында 2012 жылы құрылды. Конфедерация құрамына бокс, грек-рим күресі, еркін күрес пен еркін стильдегі әйелдер күресі, таэквондо және ауыр атлетика енген. Ал 2015 жылдан бастап Конфедерация құрамына ұлттық спорт – қазақ күресі де енді.2018 жылдың мамырынан бастап Қазақстан каратэ одағы Конфедерация мүшесі атанды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал