12.03.2018, 12:09 1002 Спорттық жүрістен АЧ-на қатысатын спортшыларымыз анықталды

Қазақстан құрамасының спорттық жүрістен (20км) Азия чемпионатына баратын құрамасы анықталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Айтылған дода 18-ші наурыз күні Жапонияның Номи қаласында өтеді.

Ерлер сайысында еліміздің намысын Георгий Шейко қорғаса, ал, әйелдер арасынан Регина Рыкова жүлде үшін таласатын болады.

 Азия чемпионатымен қатар дәстүрлі 20 километр қашықтықты құрайтын спорттық жүріс жарысы өтеді. Аталған сайысқа тағы бір отандасымыз Диана Айдосова қатысады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал